Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты

Бүгін, 10:56 / Інжу Әлихан
Ақорда

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қытайдың Хунань өлкесіндегі пиротехникалық зауытта орын алған жарылыс салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.

Президент жақындарынан айырылған отбасыларға сабыр, ал жарақат алған адамдардың сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.