Бүгін – Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні

Бүгін, 10:22 / Інжу Әлихан
Оlympic.kz

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні.  Классикалық күрестің шын шебері көзі тірі болса 75 жасқа толар еді, деп хабарлайды turkystan.kz.

1951 жылғы 6 мамырда Жамбыл облысы Чапаев ауылында дүниеге келген. Тәуелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкер, мал шаруашылығымен айналысып, асыл тұқымды жылқыларды өсіруді дамытты.  
Классикалық стильдегі кеңес балуаны, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1980). Әлем чемпионы. Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Еңбек жолы:

- 1971 жылы екі жыл күреспен айналысқаннан кейін еркін күрестен Қазақ КСР чемпионатын жеңіп алды; 
- сол жылы классикалық күрестен Қазақ КСР чемпионатын тағы да жеңіп алды;
- 1972 жылы КСРО чемпионатында өнер көрсетіп, бесінші болды, - 1973 жылы ел біріншілігінің қола жүлдегері атанып, КСРО құрамасына қосылды;
- 1975, 1980 жылдары КСРО-ның екі дүркін чемпионы; КСРО Халықтар спартакиадасының чемпионы;
- 1978, 1979 жылдары КСРО чемпионатының күміс жүлдегері;
- 1980 жылы КСРО чемпионатының қола жүлдегері, Мәскеуде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресті. Сол жылы Еуропа чемпионатының екінші жүлдегері;
- 1981 жылы Әлем чемпионы;
- 1982 жылы әлем кубогының екінші жүлдегері; 
- 1974-1984 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы болып жұмыс істеді.
- 1984 жылдан бастап Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне жасөспірімдер турнирін өткізе бастады;
- 1984-1993 жылдары республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры;
- 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры болып жұмыс істеді;
- 2016 жылы халықаралық мәртебеге ие болды;
Марапаттары:

- «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызы (2017);
- «Құрмет белгісі» орденінің және «Құрмет» және І дәрежелі «Барыс» ордендерінің кавалері;
- Тараз және Алматы қалаларының Құрметті азаматы (2012);
«Дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытудағы еңбегі үшін» Құрмет белгісі (2017 жылғы 27 наурыз, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде дене шынықтыру, спорт және туризмді дамытуға, дене шынықтыру, спорт және туризм саласындағы ынтымақтастық идеяларын іске асыруға қосқан елеулі үлесі үшін);
- «Халық алғысы» медалі (2020);