Шымкентте мемлекетке 1,2 га жер қайтарылды

Бүгін, 09:44 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Шымкент қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында жер учаскелерін жалған құжаттар негізінде заңдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алып қоюға жататын жерлерді заңдастыру фактілері анықталды.

Прокуратура актісі негізінде уәкілетті органдармен тиісті шаралар қабылданды.

Нәтижесінде, мемлекет меншігіне жалпы алаңы 1,2 га, кадастрлық құны 90 млн теңге болатын жер учаскелері қайтарылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және прокуратураның тұрақты бақылауында.