Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Бүгін, 08:45 / Нұрлан Әлинұр
Фото: primeminister.kz

Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Нұрлыбек Нәлібаев 2022 жылғы сәуірден бүгінге дейін Қызылорда облысын басқарды.