Рудныйда жедел жәрдем жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

5 мамыр, 2026 / Жамбыл Жайлау
freepik.com

Рудный қаласында жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер жолағында бір әйелді қағып кетті. Оқиғаның мән-жайын медицина қызметкерлері түсіндіріп, болған жағдайға байланысты өкінішін білдірді, деп turkystan.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, жол-көлік оқиғасы қаладағы мұражай маңындағы қарқынды қозғалыс бар көшеде болған. Зардап шеккен әйел дереу қалалық ауруханаға жеткізілген. Жедел жәрдем жүргізушісі оқиға орнында қалып, кейін полиция бөліміне тергеу үшін жеткізілген.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Жедел медициналық көмек станциясының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева бұл жағдайға қатысты пікір білдірді:

"Әйелге оқиға орнында алғашқы көмек көрсетілді, кейін ол Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді. Болған жағдайға қатты өкініш білдіреміз. Жол – жаяу жүргіншілер, жолаушылар және жүргізушілер үшін жоғары қауіп аймағы екенін ескертеміз. Жол ережесін сақтаңыздар, мұқият болыңыздар, арнайы көліктерге жол беріңіздер", – деді ол.

Тэгтер:

Жедел жәрдем