Бішкектегі үлкен автошоуда көлік бір топ адамды қағып кетті (ВИДЕО)

5 мамыр, 2026 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот

Қырғызстан астанасы Бішкек маңындағы бұрынғы "Ганси" әскери авиабазасы аумағында өткен дрифт-шоу кезінде төтенше жағдай тіркелді. Спорттық көлік бақылаудан шығып, көрермендер тұрған аймаққа қарай бағыт алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дереккөздің жазуынша, оқиға әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба арқылы белгілі болды. Алғашында бұл жағдай туралы құқық қорғау органдарына ресми хабар берілмеген. Кейін көлік пен оны басқарған жүргізуші анықталып, Бішкектің Бірінші май аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген.

Қазіргі таңда көлік айып тұрағына қойылған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан ешкім ауыр жарақат алмаған.

Милиция өкілдері мұндай жылдамдыққа байланысты іс-шараларда қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет екенін еске салды. Құқық қорғау органдары қатысушылар мен жүргізушілерді барынша сақ болуға шақырды.

Тэгтер:

Қырғызстан Бішкек