"Ол менің адамым дедім": Айгүл Иманбаева күйеуі туралы ел естімеген сырын айтты

5 мамыр, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Әнші Айгүл Иманбаева журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында екінші жарынымен қалай танысқанын ашық айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің сөзінше, өмірінің бұл кезеңінде қайтадан біреуге сенім арту оңайға соқпаған.

"Мені кездесуге шақырды. Ұлым мен келінім жанымда екенін айттым. Үшеуің де келіңдер деді. Сол кезде маған деген көңілін ұлым мен келінім байқаған. Кейін екеуміз бөлек шай ішуге кеттік. Сол жерде өзінің 6 жыл бұрын ажырасқанын, студент қызы барын айтты. Мен де өзімнің қола дәуірінде ажырасқанмды айттым. Кейіннен арақашықтықтағы махаббатқа қалай қарайтынымды айтты. Дұрыс қараймын деп құлақтан тебе салдым", – деді ол. 

Сонымен қатар әнші бұл шешімнің өзі үшін рухани тұрғыдан да маңызды болғанын атап өтті.

"Кейін телефонмен сөйлесіп жүрдік. Маған сөз салды. Не деп жауап берерімді білмедім. Ұлыма айтып едім, өресі биік адам екені көрініп тұр, одан басқа қандай еркекті іздеп жүрсің деді. Анама айтуға қорықтым. Иә, деп бірден келісе алмадым. Аузы күйген үрлеп ішеді. Немере күтіп жүрген әже, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаз ретінде қателесуге ұялдым. Содан таң намазында Алладан белгі сұрадым. Бір күні түс көрдім. Түсімде ақын Құрманай саусағыма неке жүзігін тақты. Бұл - белгі, ол менің адамым дедім", – деп барлығын баяндап берді. 

Тэгтер:

әнші Айгүл Иманбаева