"Мәңгілік мекеніне кетті": Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева отбасындағы қайғылы хабарды естіртті

5 мамыр, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабарды естіртіп, анасының өмірден өткенін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі жүрекжарды жазбасында анасын сағынышпен еске алып, бұл қайғының ауырлығын сөзбен жеткізу қиын екенін атап өтті.

"Ақ сүт беріп өсірген анамның адалынан емген ақботасы ем, Алла ісіне шара бар ма, ақ мамамнан айырылып қалдым. 84 жасқа келіп дүниеден өтті. Мәңгілік мекеніне кетті. Анамның Алла алдынан жарылқасын", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білдіріп, көңіл айтып, қайғысына ортақтасуда.

Тэгтер:

дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева