Абай облысында бағдаршамның қызыл түсіне өткен 10 мыңнан астам жүргізуші ұсталды

Бүгін, 17:17 / Алуа Арман
Абай облысының Полиция департаменті

Жыл басынан бері Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілердің бағдаршамның қызыл түсіне өтуіне қатысты 10 225 құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция жүргізушілерді ескертіп, алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізіп отырса да, кейбір автокөлік иелері бағдаршам мен жол белгілерінің талаптарын сақтамай, өз өмірін де, жолдағы басқа адамдардың өмірін де қатерге тігіп жататын сәттір  болып жатады.  Полиция осындай әрекеттер көбіне ауыр жол-көлік оқиғаларына апарып соқтыратынын ескертеді. Тіпті бір минуттық абайсыздық та қайтымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін.

«Жол қозғалысы ережесін сақтау тек заңның талабы ғана емес, әрбір жол қатысушысының өз өмірі мен өзгелердің өміріне деген жауапкершілігі болып табылады. Жүргізушілерге рөлде аса сақ болуға, бағдаршам сигналдарын қатаң сақтауға және жолдағы әрбір әрекетке саналы қарауға шақырамын. Бір ғана дұрыс шешім өмірді сақтап қалуы мүмкін. Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымыздың қолымыздағы жауапкершілік. Сондықтан әр жүргізуші мен әр жаяу жүргінші жол ережесін сақтауды тек заң талап деп емес, адамдардың өміріне құрмет ретінде қарауы маңызды», - деді Абай облысы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бауыржан Омаров.

Тэгтер:

Абай облысы жүргізуші бағдаршам жол қозғалысы