Алматы облысында төбелескен жігіттердің бірі пышаққа түсті

Бүгін, 17:05 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алматы облысында бір топ адамның арасында төбелес болып, бір жігіт пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 1 мамыр күні Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылының тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға жүгінді. Анықталғандай, ол жарақатты туған күнді тойлау кезінде туындаған тұрмыстық жанжал барысында жергілікті тұрғындармен болған қақтығыста алған», – деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті баспасөз қызметі.

Істер екі тарапқа қатысты да тергелуде. Күдіктілердің көліктері айып тұрағына жеткізілді.

«Тергеу барысы бақылауда. Кінәлілер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деп қорытындылады полиция.

Тэгтер:

Алматы облысы Пышақ төбелес Жігіт