Маңғыстау облысында жауапты тұлғалар 176 кәсіпкердің ақшасын қайтармаған

Бүгін, 16:14 / Алуа Арман
istockphoto.com

Бейнеу ауданы прокуратурасы кәсіпкерлік субъекітлерінің құқықтарының бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген қаражатты кәсіпкерлерге уақтылы қайтармаған. 

Мысалы, «Сыңғырлау – Тұрыш» бағытындағы автомобиль жолын күтіп-ұстау бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындағанымен, оған тиесілі 1,4 млн теңге кепілдік сомасы қайтарылмаған. 

Мұндай бұзушылықтар жүйелі түрде орын алып, 176 кәсіпкердің мүдделеріне нұқсан келтірілгені белгілі болды.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлерге жалпы сомасы 26,6 млн теңге толық қайтарылып, олардың бұзылған құқықтары толығымен қалпына келтірілді. 

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратураның тұрақты бақылауында.

Тэгтер:

Маңғыстау кәсіпкер Бейнеу