Президент Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға берді

Бүгін, 15:45 / Інжу Әлихан
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, алдағы саяси науқан аясында оған жаңа міндет жүктелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді.

Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады», - делінген хабарламада.