«Қазцинктегі» жарылыс аймағында 32 адам болған

Бүгін, 15:14 / Алуа Арман

Өскемен қаласында «Казцинк» кәсіпорнында болған жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға кезінде жарылыс аймағында 32 адам болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Yk.kz мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы Рашид Блялов хабарлағандай, төтенше жағдай туралы сигнал «112» пультіне шамамен сағат 8:30-да түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар цехтың бір бөлігі опырылып, құрылымдардың жанғанын анықтаған. Салдарды жоюға ондаған қызметкер жұмылдырылып, олар үйінділерді аршып, өртті сөндіруде.

Оның айтуынша, эпицентрде үш адам – аға шебер және екі жұмысшы болған. Олардың екеуі қаза тапты. Жалпы бес адам зардап шегіп, оларға медициналық көмек көрсетілді. Қаза болғандардың денелері шығарылып, зардап шеккендер қауіпті аймақтан эвакуацияланды.

Опырылу шамамен 120 шаршы метр аумақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, үйінді астында адамдар жоқ – оқиғадан кейін қызметкерлер түгенделген.

Тэгтер:

Жарылыс Өскемен Қазцинк