Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерін жариялады. Ақпан-сәуір айлары аралығында комитеттің тиісті қызметімен 317 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Анықталған деректердің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілеріне қатысты.
Қылмыстық істер аясында 226 адам күдікті деп танылды. 198 іс бойынша тергеу аяқталып, оның 175-і сотқа жолданған.
Аяқталған істер бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі 4,2 млрд теңгені құрады.
ҰҚК бұл бағыттағы жұмыстың жалғасып жатқанын мәлімдеді.