Ақмола облысында автокөлік қоршауға соғылып, бір адам қаза тапты

Бүгін, 10:10 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана – Щучинск тас жолының 126-шақырымында Lada-2110 маркалы автокөлік жоғары жылдамдықпен жол қоршауына соғылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 мамыр күні болған. Апат салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы біреуі түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деп қосты баспасөз қызметі.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе қозғалыс қарқынды учаскелерде, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын бақылауды ескертеді.

Тэгтер:

Жол апаты Ақмола облысы автожол тасжол