Пойызда шу шығарған жайдарманшыға айыппұл салынды

Бүгін, 08:04 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

"Қызылорда - Павлодар" пойызындағы жағдайдан кейін танымал жайдарманшы Ақылбек Скендіровке ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қызылорда қаласының әкімшілік істер жөніндегі сотының шешімімен бұл азамат кінәлі деп танылып, 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін желіде қазақстандық әйел "Қызылорда - Павлодар" пойызында болған оқиға туралы айтып, видео жариялады.

"Ол алкогольге мас күйде, менің мазамды алып, қорлай бастады және агрессивті мінез-құлық танытты", - дейді әйел видеода.