"Санаулы күндер": Әнші Ермахан Аймахан қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Бүгін, 22:00 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Әнші Ермахан Аймахан жары Раушан Құдайбергенге арнаған жаңа романтикалық әнінің үзіндісін жариялап, тыңдармандарына ерекше әсер сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайымен бірге түскен әсерлі видеоны бөлісті. Онда ерлі-зайыпты жаңа ән әуенімен би билеп, жылы әрі шынайы атмосфера қалыптастырған. "Тағдырыма кел" деп аталатын туынды махаббат тақырыбын нәзік жеткізетін лирикалық ән ретінде ұсынылған.

"Санаулы күндерден соң премьера! Әзірге видео түсіріп салсаңыздар, қуанышты боламын", – деп жазды Ермахан Аймахан.

Желіге жарияланған қысқа үзінді бірден көпшіліктің назарын аударып, оң пікірлерге ие болды. Тыңдармандар әннің әуені мен орындаушының дауысын жоғары бағалап, толық нұсқасын асыға күтетіндерін білдірді.

Тэгтер:

әнші Ермахан Аймахан