Астанада эвакуатор жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдаманы талқандады (ВИДЕО)

Бүгін, 21:33 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Астанада эвакуатор қоғамдық көлік аялдамасын соғып, жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 4 мамыр күні Айтматов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлік басқаруын жоғалтып, аялдама павильонына және жол бойындағы басқа да нысандарға соғылған.

Полицияның хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші келтірілген материалдық шығынды өтейді және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтап, көлік жүргізу кезінде барынша мұқият болуды ескертті.

Тэгтер:

Астана