"300-ге жуық оқытылған сурет таптық": Айгүл Иманбаева сұмдық жайттың бетін ашты (ВИДЕО)

Бүгін, 21:11 / Жамбыл Жайлау
видеодан скриншот (ozgeris.info)

Әнші Айгүл Иманбаева журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында басынан өткен түсініксіз жағдайлар туралы айтып, көпшілікті таңғалдырды, деп turkystan.kz тілшісі ozgeris.info сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің сөзінше, белгісіз адамдар тарапынан өздеріне зиян келтіруге бағытталған әрекеттер болған деген күдік бар.

"Кафедегі әйелдердің дәретханасында кішкентай есік бар. Сол кішкентай есік өзімен өзі ашылып кете береді. Соны жауып тастауды өтіндім. Ішінде қоқыс жоқ па екен деп жарық жағып қарағанымда, бума-бума қағаз таптым. Алып қарасам ұлым екеуміздің суретіміз. Барлық жерімізге ине қадалған. Асқазан, жүрек, қуық жақтың барлығына ине тығып қойған. Екеуміздің арамызды жақсылап бөліп тастаған. Мен ондайды тек кинодан көргенмін. Сосын іздей бастадық. Айнаның артынан, канализацияның трубасынан барлық жерден 300-ге жуық сурет таптық. Содан жұмыстан кейін іздеуді әдетке айналдырдық. Ине, түйреуіш, топырақ, қасық, қан, шаш түрлі нәрсе таптық. Жұмыс жүрмейді, түгел минусқа кеттік", – деді Айгүл Иманбаева. 

Жазба әлеуметтік желіде кең таралып, қолданушылар арасында түрлі пікір тудырды.

Тэгтер:

әнші Айгүл Иманбаева