Астанада бір жастағы сәбиді көлік қағып кетті

Бүгін, 17:48 / Алуа Арман
видеодан скриншот

3 мамыр күні Астанада Иманов көшесіндегі тұрғын үй ауласында Kia Seltos автокөлігі бір жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, сәбиге небәрі 1 жас 8 ай болған. Ол жолдың жүру бөлігіне жүгіріп шыққан. Баланы құтқару мүмкін болмады.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Астана Бала көлік сәби аула