«Азаматтарға арналған үкімет» жәрдемақы алатын Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің санын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет» баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұлы Отан соғысына шамамен 1,2 млн қазақстандық қатысқан.
«Бүгінде елімізде Ұлы Отан соғысына қатысушылар санаулы. Қазіргі таңда арнайы мемлекеттік жәрдемақыны ел бойынша небәрі 83 адам алады, оның ішінде 69 азамат соғысқа қатысқандар, ал 14-і Ұлы Отан соғысының мүгедектері», - делінген хабарламада.
Мемлекеттік корпорация өкілдері төлем алушылар саны ең көп шоғырланған бес өңірді атады. Жәрдемақы алушылардың басым көпшілігі Алматыда (26 адам), одан кейін Алматы облысында (8), Қостанай (6) және Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында (4-тен) тұрады.