Астана мешітінен бренд күртені ұрлап кеткен адам ұсталды

Бүгін, 16:03 / Алуа Арман
polisia.kz

Астана қаласында “Anti-Fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында орын алған ұрлық фактісі бойынша күдікті қолға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында белгілі болғандай, белгісіз азамат Астананың  мешіттерінің біріне келіп дәлізде ілініп тұрған әйелдер киімдерінің арасынан қара түсті, “Moncler” брендінің әйелдерге арналған күртешесін жасырын түрде ұрлап кеткен.

Келтірілген материалдық шығын құны 1 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда жеке мүлкіне мұқият болуды ескертеді. Күдікті әрекеттер байқалған жағдайда дереу “102” нөміріне хабарласу қажет.

Тэгтер:

мешіт бренд күрте