Астаналық оқушы дрон-футболдан халықаралық чемпионатта үздік атанды

Бүгін, 14:40 / Інжу Әлихан
Астана әкімдігі

АҚШ-та өткен FIDA USA Drone Soccer Championship халықаралық жарысында астаналық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еліміздің атынан қатысқан Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінің командасы ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, жеке сайыста команда мүшесі Амантай Арсен 1-орын иеленіп, «Супер пилот» атанды. Ол жарыс барысында ерекше шеберлігімен, жылдам шешім қабылдау қабілетімен және техниканы жетік меңгеруімен көзге түсті. Бұл жетістік – оның табандылығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі.

Команда жалпы есепте 2-орын алды. Бұл нәтиже – оқушылардың бірлігі мен ұстаздарының сапалы дайындығының айқын көрінісі.