Шығыс Қазақстанда орман өртеніп жатыр

Бүгін, 12:15 / Алуа Арман
ТЖМ

Ұлан ауданында, Бұқтырма су қоймасының Аюда шатқалында, Приморск орманшылығы аумағында орман өртенді. Шөп, бұталар мен ағаштар жанған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өртті сөндіруге ТЖМ авиациясының әуе кемесі, орман шаруашылығы қызметкерлерінің десанты және ШҚО ТЖД жеке құрамы жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары таулы жер бедері мен желдің екпінді соғуына байланысты қиындады. Қазіргі уақытта бірлескен күштің арқасында өрт оқшауланды.

Тэгтер:

өрт Шығыс Қазақстан Орман