Елде нөсер жауып, күн +36 градусқа дейін ысиды

Бүгін, 11:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

«5 мамырда елдің солтүстігінде, 6-7 мамырда батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Түнгі және таңғы уақытта республиканың батысында тұман түседі», – деп хабарлады метеорологтар.

Қазақстан бойынша температураның аздаған ауытқуы болжанады. Елдің оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 22-32 градустан 27-36 градусқа дейін жоғарылайды, ал оңтүстік-шығыста 15-30 градустан 20-35 градусқа дейін көтеріледі.

Мамырда қандай болады?

Бұған дейін синоптиктер мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Метеорологтардың мәліметінше, жалпы ел бойынша әдеттегіден жылырақ ауа райы күтіледі, ал жауын-шашын біркелкі түспейді.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Жаңбыр Жауын бұршақ нөсер