Ақмола облысында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Бүгін, 11:20 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақмола облысында бұрын хабар-ошарсыз кеткен ер адамды іздестіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның мәйіті 2026 жылғы 2 мамыр күні Целиноград ауданында табылған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам жұмысқа бара жатқан жолда байланысқа шықпай қалған, содан кейін ол іздеуге жарияланған.

Мәйіттің табылғаны туралы ақпаратты өңірлік полиция департаменті растады.

«Суицид фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Ақмола облысының ПД.

Тэгтер:

Ақмола облысы