Жаңалықтар

Е.Ертісбаев: Адамның санасын өзгертетін – күнделікті тұрмыс-тіршілік

ашық дереккөзі

Е.Ертісбаев: Адамның санасын өзгертетін – күнделікті тұрмыс-тіршілік

Қоғамның санасын мемлекет, қоғамдық институттар мен зиялылар қалыптастырады. Елбасының рухани жаңғыру туралы мақаласына байланысты түсініктеме берген Қазақстанның Грузиядағы елшісі Ермұхамет Ертісбаевтың пікірі осындай деп хабарлады 24.kz. Ермұхамет Ертісбаев, ҚР Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі: - Адамның санасын өзгертетін – күнделікті тұрмыс-тіршілік. Міне, біз осы күнге дейін бұл қағиданы ұстандық. Яғни, нарықтық экономиканы құрғаннан кейін бірден азаматтардың санасы өзгереді деумен келдік. Шын мәнісінде, қоғамның санасын мемлекет, қоғамдық институттар мен зиялылар қалыптастырады. Әлемдік тәжірибе осыны айғақтайды. Осы орайда Грузияны мысалға алайық. Бұл елдің тілі, көне мәдениеті, өзінің әліпбиі бар. Алайда қоғамның санасын өзгертпейінше, қоғамды қайта құру мүмкін болмайды. Өйткені, Кеңес Одағының ыдырағанына 25 жыл өтсе де, азаматтардың санасында бұрынғы түсініктер әлі де қалып қойған. Сондықтан біздің Президент рухани жаңғыруға үлкен көңіл бөліп отыр.