Мақпал Жүнісованың көлігіне айыппұл салынды: полиция мән-жайды түсіндірді

Бүгін, 07:25 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Өскемендегі жол полициясы қызметкерлеріне қатысты ренішін айтқан болатын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әншінің айтуынша, ол гастрольдік сапармен Шығыс Қазақстан облысына барған кезде мінген көлігін тәртіп сақшылары тоқтатқан. Оның сөзінше, полиция қызметкерлері көлікті біраз уақыт жібермей ұстап, кейін айыппұл салған.

Аталған жайтқа қатысты Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, 3 мамыр күні Өскемен қаласында Бажов көшесінің бойында «Lexus LX 570» маркалы көлік тоқтатылған.

Тексеру барысында автокөліктің алдыңғы бүйір әйнектеріне қара түсті тонировка (көлеңкелеу) жапсырылғаны анықталған. Осыған байланысты жүргізуші көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.