«Болливуд жұлдызы ма деп қалдым»: Берік Айтжанов жас кезін көрсетті (ФОТО)

Бүгін, 06:30 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Танымал қазақ актері Берік Айтжанов әлеуметтік желіде жас кезіндегі суретін жариялап, қалың оқырманның қызу талқысына түсті. Актерді көбі шетелдік жұлдыздарға ұқсатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Берік Айтжанов жас кезіндегі суретін Instagram-дағы парақшасына жариялап, жазба қалдырды.

"20 жастағы өзіме айтарым ……. Асықпа. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Кейде жолың тым ұзақ болып көрінеді, кейде бәрінен шаршайсың. Бірақ дәл сол қиындықтар сені шыңдайды.

Адамдардың сөзіне емес, жүрегіңдегі арманға сен. Қателесуден қорықпа, жоғалтудан қорықпа. Өнерде ең маңыздысы – шынайылық пен сабыр.

Бір күні сен армандаған рөлдер де келеді, өзіңді түсінетін көрермен де табылады. Тек жолдан тайма, және… ата-анаңның жанында көбірек уақыт өткіз. Өмір өте тез өтеді", - деп жазды актер.