Алматыға бара жатқан жолда итімен бірге жоғалып кеткен Қостанайдың 21 жастағы тұрғыны аман-есен табылды, - деп хабарлайды turkystan.kz "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
Роман Юрцевичтің қайда екенін полиция қызметкерлері анықтады.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері оның Алматыда екенін анықтады. Жігіт аман-есен табылды. Оны алып кету үшін әкесі жолға шықты", — деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінен.