Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы Катонқарағай ауданынан Өскемен қаласына 4 жастағы баланы жеткізді. Ұшақта санавиация дәрігерлері науқастың жағдайын үнемі бақылап отырды.
Ұшу сәтті аяқталып, бала облыс орталығындағы медициналық мекемеге емделуге тапсырылды.
ҚР ТЖМ авиациялық бөлімшелері тәулік бойы дайындықта болып, шалғай елді мекендерден келетін жедел шақыртуларға жылдам әрекет етеді. Бұл қызметтің маңыздылығы жерүсті тасымалдау ұзақ уақыт алатын жағдайларда арта түседі.