Екі алтын және екі күміс: Қазақстан құрамасы триатлоннан Азия Кубогында өнер көрсетті

Бүгін, 16:30 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҚТФ

2 мамыр күні Субик-Бейде (Филиппиндер) триатлоннан Азия Кубогының ересектер және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы кезеңі өтті. Біздің спортшылар халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды — екі «алтын» және екі «күміс».

Ересектер арасындағы жарыста алматылық Дарын Қонысбаев жоғары нәтиже көрсетіп, мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс жүлдегер атанды.

Ересектер:

1. Лиам Донелли (Канада)
2. Дарын Қонысбаев (Алматы)
3. Такуто Ошима (Жапония)
 

Жасөспірімдер:

Рамазан Айнегов пен Алуа Нұрмұхамбет өз жарыстарында алтын медаль жеңіп алып, сенімді көшбасшылық танытты. Калерия Шнейдер күміс жүлдегер атанды.

Ұлдар:

1. Рамазан Айнегов (Астана)
2. Купер Смельдерс (Австралия)
3. Тэйл Джун (Корея)

Қыздар:

1. Алуа Нұрмұхамбет (Астана)
2. Калерия Шнейдер (Шымкент)
3. Аниша Луис Кануя (Филиппиндер)

Субик-Бейдегі (Филиппиндер) сәтті өнер көрсету қазақстандық триатлоншылардың жоғары дайындық деңгейін және Азия аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді.

Қосымша жетістік ретінде Олимпиадалық жолдама иелену атап өтілді: қазақстандық триатлоншы Рамазан Айнегов 2026 жылғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында ел намысын қорғау құқығын жеңіп алды.

World Triathlon ұйымының мәліметінше, бұл шешім Қазақстандағы жастар триатлонын жүйелі дамыту жұмыстарының мойындалуы болып табылады. Ойындар Дакарда өтіп, әлемнің ең мықты жас спортшыларын жинайды.