Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды

Бүгін, 11:28 / Нұрлан Әлинұр
Фото: gov.kz

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған игі шараға зиялы қауым өкілдері, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, облысымызға қарасты «Жыр, терме» және «Айтыс» мектептерінің жетекшілері, сондай-ақ Кеген ауданының тұрғындары белсене қатысты. 

Акция барысында қоршаған ортаны қорғау мен көгалдандыру мақсатында ағаштар отырғызылды.

Мұндай бастамалар табиғатты қорғауға үлес қосып, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.