Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

2 мамыр, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Olimpic.kz

Қазақстан жеңіл атлетикадан Мокпо қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шарболат лақтырудан сынға түскен қазақстандық жеңіл атлет Иван Иванов құрлық додасының қола жүлдегері атанды.

Отандасымыз үздік мүмкіндігінде шарболатты 19.41 метрге лақтырды.

Алтын медальді қытайлық Чэнь Хунфэй иеленді - 20.18 метр. Күміс жүлде тағы бір Қытай өкілі Чэнь Чэньгуоға бұйырды - 19.64 метр.