Астана маңында жол апатынан екі адам қаза тапты

Бүгін, 16:26 / Алуа Арман
istockphoto.com

1 мамырда Астана – Атбасар – Жақсы автожолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, трассада Lada Granta жеңіл көлігі мен DAF XF 480 FT жүк көлігі соқтығысқан.

«Соққы жеңіл көлікте болғандар үшін өлімге әкелді – жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызметтер жұмыс істеді. Апаттың мән-жайы қазіргі уақытта анықталуда», – деп хабарлады ведомство.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Тэгтер:

Жол апаты автожол тасжол