Астанада ер адам әйелін көшеде ұрып-соққан, оқиға «Саржайлау» тұрғын үй кешенінің маңында болған, куәгерлер оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция мәліметінше, бұл — отбасылық жанжал. Күдікті қысқа уақыт ішінде анықталып, ұсталды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адамға жәбірленушімен кез келген байланысқа тыйым салатын қорғау нұсқамасы шығарылды.
«Отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анықталғандай, 34 жастағы ер адам елордадағы тұрғын үйлердің бірінің маңында жұбайына қатысты физикалық күш қолданған. Құқық бұзушы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты жәбірленушімен байланыс жасауға шектеу қоятын қорғау нұсқамасы шығарылды», – делінген хабарламада.