Дауыл, жаңбыр: Қазақстанда күн +32 градусқа дейін жылиды

Бүгін, 14:04 / Алуа Арман
istockphoto.com

Алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында ауа-райы әуелі жылы болып, кейін жел күшейіп, найзағай ойнап, айтарлықтай салқындайды. Әсіресе Астанада жағдай күрт өзгереді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана: аптап ыстық, шаңды дайыл, қара суық

Жұма, 1 мамыр күні елордада ауа температурасы +28…+30 градусқа дейін көтеріледі. Алайда жайлы ауа райы ұзаққа созылмайды. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді, күндіз шаңды дауыл болуы ықтимал.

2 мамырға қараған түні температура күрт төмендеп, +6…+8 градусқа дейін түседі. Күндіз салқындап, +16…+18 шамасында болады, жауын-шашынсыз.

Жексенбі, 3 мамыр күні тіпті салқындай түседі: түнде +4…+6, күндіз +18…+20 градус шамасында, жауын-шашынсыз. Жел сезілерлік деңгейде сақталады.

Алматы: жылы, бірақ найзағай ойнайды

Алматыда ауа райы біршама жұмсақ болғанымен, жауын-шашынсыз өтпейді.

1 мамыр күні күндіз +26…+28 градус, өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Сенбі, 2 мамырда айтарлықтай өзгеріс жоқ – +25…+27, қайтадан жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.

3 мамырда сәл салқындайды – +23…+25, жауын-шашын сақталады.

Түндері жылы – үш күн бойы шамамен +13…+15 градус.

Шымкент: аптап ыстық, жаңбыр

Оңтүстікте демалыс күндері жазғы ыстықпен басталады.

Жұма, 1 мамыр күні күндіз +30…+32 градусқа дейін, жауын-шашынсыз.

Алайда 2 мамырда ауа райы күрт өзгереді – +21…+23, жаңбыр мен найзағай.

Жексенбі, 3 мамырда да жағдай өзгермейді: сол +21…+23 градус және қайтадан жауын-шашын.

Түнде температура +13…+16 градус шамасында сақталады.

 

 

Тэгтер:

Найзағай ауа райы Қазгидромет Жаңбыр Дауыл ыстық