Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогі кезеңінде қола жүлде иеленді

Бүгін, 12:47 / Алуа Арман
olympic.kz

Қытайдың Сиань қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғашқы жарыс күнінде Виктор Друзин ұлттық құрама қоржынына қола медальді салды.

Отандасымыз техникалық соло бағдарламасында 232.5350 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Дәл осы сайыста Алдияр Рамазанов жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші сатыға тұрақтады.

Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблин алтын медаль жеңіп алды - 245.6850. Екінші орынға қытайлық Муе Го жайғасты - 245.2684.

Айта кетейік, байрақты бәсеке 3 мамырға дейін жалғасады.

Тэгтер:

әлем кубогі Виктор Друзин әртістік жүзу