Астанада LRT пойыздары тоқтатылды

Бүгін, 09:50 / Алуа Арман
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

LRT желісінің жылжымалы құрамы мен негізгі жүйелерін сынақтан өткізу толық аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, қазіргі уақытта желіде жоспарлы клинингтік және регламенттік жұмыстар жүргізілуде.

Осыған байланысты 5 мамырға дейін барлық LRT пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

«LRT нысандарында эстакадалық инфрақұрылымды тазалау, станция ғимараттарын жинау, сондай-ақ жекелеген инженерлік жүйелерді әрі қарай пайдалануға дайындау жұмыстары жүргізіледі», – деп нақтылады CTS.

Компанияда атап өткендей, жүргізіліп жатқан жұмыстар LRT инфрақұрылымын дайындау аясында жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Тэгтер:

Пойыз ЛРТ