Ұлттық ұланда 30 түрлі ұлт өкілі қызмет етіп жүр

Бүгін, 09:18 / Алуа Арман
Ұлттық ұлан

Қазақ, өзбек, орыс, ұйғыр, татар, кәріс, әзербайжан, күрд және өзге де этностардың өкілдері мемлекеттік саясаттың негізін құрайтын бірлік пен келісім қағидаттарын айқын көрсетеді, деп жазады turkystan.kz.

Әскери қызметкерлер ұлтына қарамастан ортақ міндетті - қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді абыроймен атқаруда.

Ұлттық ұланда ұлтаралық келісімді нығайтуға, өзара құрметті қалыптастыруға және біртұтас ұжымдық рухты дамытуға ерекше мән беріледі.

Тэгтер:

Ұлттық ұлан сарбаз әскери қызмет Бірлік мерекесі өзге ұлт түрлі ұлт