Ақмола облысында сүт зауытындағы жарылыстан 2 адам зардап шекті

Бүгін, 06:58 / Нұрлан Әлинұр
Pexels

Ақмола облысындағы сүт зауытында жарылыс болып, 2 адам зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше жағдай кәсіпорынның отын сақтайтын жерасты қоймасында газдың ауаға таралуы салдарынан болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Апат кезінде қашып үлгермеген жұмысшылардың бірі 30, екіншісі 40 пайыз күйік алған. Олар елордадағы аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, жарылыс арты өртке ұласпаған. Сондықтан құтқарушылар да шақырылмаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

"№1 көпсалалы қалалық ауруханаға Жібек жолы ауылынан күйік алған екі науқас жеткізілді. Қазір олардың жағдайы орташа ауыр. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деді Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.