Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
АҚШ валютасының орташа өлшенген бағамы 462,91 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,14 теңгеге өсті.
Ресей рублі де аздап өсіп, 6,17 теңгеге жетті (+0,01). Қытай юанінің бағамы сауда қорытындысы бойынша 67,65 теңгені құрап, 0,42 теңгеге қымбаттады.
Айырбастау пункттерінде доллар 461–463,7 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда, еуро — 539–545,6 теңге, рубль — 5,95–6,09 теңге аралығында.
Әлемдік нарықтарда 30 сәуір күні мұнай бағасының өсуі байқалды. ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 1,48%-ға қымбаттап, баррелі 112,07 долларға жетті. NYMEX биржасындағы WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 1,34%-ға өсіп, баррелі 107,38 долларды құрады.