Қарағанды облысында полиция қызметкерлері "Qarmet" АҚ-да әрекет еткен қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күдіктілер жасырын алаяқтық схемаларды қолданып және кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласа отырып, жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қолдан көтеріп отырған.
Кәсіпорынға келтірілген залал шамамен 190 млн теңгені құрады.
Барлығы заңсыз әрекеттерге қатысы бар 13 адам ұсталды – олардың барлығы Теміртау қаласының тұрғындары.
Тінту барысында ірі көлемде қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қабылданған шаралар қалақұраушы кәсіпорынның тұрақты жұмысы мен тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.