Президент Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

Бүгін, 16:37 / Алуа Арман
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король XVI Карл Густавтың парасатты басшылығымен Швеция Еуропада және әлемдік аренада маңызды рөл атқаратын мемлекет мәртебесін сақтап келе жатқанын атап өтті.

Президент қос халық арасындағы достық байланыстар мен өзара түсіністікті жоғары бағалайтынын, сондай-ақ Швециямен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім артатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король XVI Карл Густавтың ел игілігі жолындағы еңбегіне толайым табыс, ал достас Швеция халқына бақ-береке тіледі.

Тэгтер:

Президент құттықтау