Илон Маск: ЖИ "Терминатор" фильміндегідей адамзатты жойып жібере алады

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: ChatGPT / FONTANKA.RU

Америкалық кәсіпкер Илон Маск жасанды интеллекттің бақылаусыз дамуы адамзат үшін қауіпті болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол OpenAI компаниясына қарсы сот ісі аясында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz Fortune басылымына сілтеме жасап.

Маск өз сөзінде ықтимал сценарийді "Терминатор" фильмімен салыстырып, "бәрі сол фильмдегідей аяқталмауы керек" екенін атап өтті. Оның айтуынша, технология дамуы адамзат игілігіне қызмет етуі тиіс және бұл тұрғыда Star Trek сериалындағы болашақ үлгі бола алады.

Кәсіпкердің сөзінше, ол 2015 жылы Сэм Альтманмен бірге жасанды интеллектті "теріс мақсатта қолданатындардан" қорғау мәселесін талқылаған. Алайда кейін алаңдаушылығы күшейген. Бұған Larry Page-пен болған әңгіме де әсер еткен. Масктың айтуынша, Пейдж оны "адамзат мүддесін технологиядан жоғары қояды" деп сынға алған.

Айта кетейік, Илон Маск, Сэм Альтман 2015 жылы OpenAI ұйымын бірлесіп құрған. Кейін Маск 2018 жылы директорлар кеңесінен кеткен.

2023 жылы ол жасанды интеллект саласындағы жаңа xAI стартапын іске қосты. Ал 2024 жылы кәсіпкер OpenAI мен оның басшысы Сэм Альтманға қарсы сотқа жүгінді. Оның пікірінше, компанияның коммерциялық бағытқа бет бұруы бастапқы келісімдерге қайшы келеді. Сонымен қатар, OpenAI-дің қызметін Microsoft қолдайтыны да даудың бір бөлігіне айналған.

Тэгтер:

ЖИ Терминатор Илан Маск