Ертең – Қазақстан халқының бірлігі күні. 20,5 миллионнан астам қазақстандық бұл мейрамды татулық пен достықтың белгісі ретінде атап өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бір шаңырақ астында елімізде түрлі ұлт пен этнос өкілдері бейбіт өмір сүріп келеді. 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны – 20 532 240 адам.
Ұлттық статистика бюросы елдегі әр ұлттың саны туралы ақпаратты ұсынды.
1. Қазақтар – 14 664 202
2. Орыстар – 2 943 022
3. Өзбектер – 695 557
4. Украиндар – 367 547
5. Ұйғырлар – 309 164
6. Немістер – 222 890
7. Татарлар – 218 361
8. Әзірбайжандар – 157 568
9. Кәрістер – 120 821
10. Түріктер – 93 234
11. Дүнгендер – 88 165
12. Беларустар – 73 788
13. Тәжіктер – 61 307
14. Күрдтер – 52 077
15. Қырғыздар – 41 459
Айта кетсек, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,6 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың, өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.