Бүгін Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі кинология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастық перспективасы талқыланды.