Жібек жолы ауылындағы бір отбасының өлімі: Күдіктінің жағдайы белгілі болды

Бүгін, 12:40 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында бір отбасының қаза табуына қатысты іс бойынша тергеу барысына түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әділовтың айтуынша, қылмыстық істің тергеуі аяқталуға жақын. Бұл туралы ол Сенат отырысының кулуарында журналистерге мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта біз Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тергеуді аяқтап жатырмыз», — деді Санжар Әділов.

ІІМ басшысының орынбасарының нақтылауынша, күдікті стационарлық сот-психиатриялық сараптамадан өтуде.

«Күдікті қазіргі уақытта стационарлық сот-психиатриялық сараптамада. Ол реактивті психоз жағдайында», — деді Әділов.

Еске салайық, наурыз айының басында мессенджерлерде Астана маңындағы Жібек Жолы кентінде бір отбасы мүшелерінің қатыгездікпен өлтірілгені туралы үрейлі хабарлама тараған болатын. Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел түрде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Тэгтер:

күдікті Отбасы Жібек жолы