Атырау облысында 27 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

Бүгін, 11:27 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Қазақстан аумағында болу тәртібін бұзған 27 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар Жылыой аудандық сотына жолданды.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғалар арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Азаматтарға елімізде болу талаптары мен мерзімдерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндіріліп, заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тиісті шаралар қабылданып жатыр.