Алматыда 6 500 оқушы бейбітшілік символын бейнеледі

Бүгін, 11:09 / Інжу Әлихан
Алматы әкімдігі

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы стадионда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік – бейбітшілік бесігі» атты патриоттық іс-шара өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Акция аясында Медеу ауданының 6500 оқушысы сап түзеп, бейбітшілік символы көгершінді бейнеледі. Іс-шара Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында өтіп, мектеп оқушыларын бір мақсатқа жұмылдырды.

Бағдарлама аясында этномәдени бірлестіктер өнер көрсетті. Акция ұлтаралық келісімді нығайтуға және достық пен бірлік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.